Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елорда күні Қазақстанда мемлекеттік мереке саналады. Әр жыл сайын 6 шілдеде аталып өтеді. Мерекеге орай, арнайы бейнешығарылымдар сериясын әзірледік. Елорда тұрғындарымен көрікті.
Ендеше, еліміздің бас қаласы – Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындарын бұл қаламен не байланыстырады? Жауабын видеодан табасыздар.
Қазақстанның Жоғарғы кеңесі 1994 жылы 6 шілдеде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ұсынысымен елорданы Алматыдан Ақмолаға ауыстыру туралы шешім қабылдайды. Араға үш жыл салып, 1997 жылы 20 қазанда Елбасы астананы ауыстыру туралы жарлыққа қол қояды. Осы құжатқа сай Ақмола Қазақстанның астанасы құқығын 1997 жылдың 10 желтоқсанынан бастап иеленді. Жаңа астананың ресми тұсаукесер тойы 1998 жылдың 10 маусымына белгіленді. Бұл күн 2006 жылға дейін астананың туған күні ретінде мерекеленіп келді.
Кейінірек Парламент депутаттары заңға тиісті түзетулер енгізіліп, мемлекеттік мейрам 6 шілдеге ауыстырылды.Оқи отырыңыз: