Елорда «сары» аймаққа өтсе, қандай шектеулер енгізілуі мүмкін?

20 Шілде 2022, 12:59
3333
Бөлісу:
Елорда «сары» аймаққа өтсе, қандай шектеулер енгізілуі мүмкін?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы елорданың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова баспасөз мәслихаты барысында мәлімдеді.

Баршаңызды адамдар көп жиналатын орындарға бармауға шақырамын. Өздеріңіз көріп отырғандай, вирус әлі де қайтар емес, керісінше, ауру қайтадан өршуде. Өзіңіз араласатын адамдар ортасын шектеңіз. Айта кету керек, «сары»  аймаққа көшу кезінде инфекция көзін оқшаулауға бағытталған шаралар қабылданатын болады, - деп атап өтті астананың бас санитар дәрігері. 

Сонымен қатар ол вакцинация және ревакцинация инфекциядан қорғанудың жалғыз жолы екендігін ескертті. 

Сондықтан біз вакцинация мен ревакцинациядан өту арқылы ғана аурудың өсуіне қарсы тұра аламыз. Өз денсаулығыңызға, жақындарыңыздың денсаулығына қауіп төндірмеңіз! Елорданың «жасыл» аймақта тұрғанына қарамастан, ВАК шешіміне сәйкес жабық мекемелерде, қоғамдық көліктерде бетперде киюді ұсынамыз. Сонымен қоса, уақыттан кешіктірмей коронавирусқа қарсы вакцинация қабылдаңыз, - деді Сархат Бейсенова.

Еске сала кетейік, бұған дейін бас қаланың бас санитар дәрігері Омикрон штамын 20 мен 30 жас аралығындағы адамдар көп жұқтыратынын айтқан болатын. 

Өзгелердің жаңалығы