Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Полицейлер өздеріне күнделікті жұмыста көмек көрсетіп, өтеусіз еңбек етіп жүрген еріктілерге алғыс білдірді. Нұр-Сұлтан қаласы ПД Баспасөз қызметі.
ПД бастығының орынбасары Айдос Рысбаев еріктілер Элеонора Серікқызы мен Бибігүл Әнуарбекқызын марапаттап, оларға хабар-ошарсыз жоғалып кеткен және туыстарымен туыстық қарым-қатынасын жоғалтқан адамдарды іздестіруде ішкі істер органдары қызметкерлерімен бірлесіп өзара тығыз іс-қимыл жасасқаны үшін алғыс білдірді, - делінген хабарламада.Еріктілер 3 жылға жуық уақыт полицейлермен бірлесіп жұмыс жасап, оларға хабар-ошарсыз жоғалып кеткен адамдарды іздестіруге көмек көрсетіп келеді.
Қаланың еріктілер ұйымында 54 адам бар. Жылдың басынан бастап олармен білесіп жасалған жұмыстың арқасында хабар-ошарсыз кеткен 15-тен астам адам табылған, олардың арасында 4 кәмелетке толмаған бала бар.
Оқи отырыңыз: