«Елорда - өнер өлкесі» кездесуі аясында қандай қойылымдар өтетіні белгілі болды

21 Маусым 2021, 16:56
4112
Бөлісу:
«Елорда - өнер өлкесі» кездесуі аясында қандай қойылымдар өтетіні белгілі болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да «Елорда - өнер өлкесі» шарасы туралы өткен брифингте ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов айтты.

«Елорда - өнер өлкесі» шығармашылық кездесуі аясында Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстан театрларының ұжымдары елорда тұрғындарына мерекелік тарту ұсынады. Бұл театрлық шара бауырлас елдердің мәдениетін нығайтуға ықпал етеді деген ойдамыз, - деді Дәуешов.

Вице-министр атағандай, Ұлттық ұлан ән-би ансамблі орындауындағы «Жеңіс жалауын» тұңғыш рет театрда сахналайды.

Кездесуді Қуанышбаев атындағы театрдың әзірлеген «Бопай ханым» спектаклінің премьерасымен аяқтаймыз. Театр күндері 10 күнге жалғасады. Басты мақсат – елімізде салынып жатқан театрлардың біліктілігін арттырып, көрерменге руханы азық сыйлау, - деді Нұрғиса Дәуешов.
Бұған дейін Нұрғиса Дәуешов үш елдің театрлары шығармашылық кездесу өткізетінін мәлімдеді.
Өзгелердің жаңалығы