«Елорда наурызы - 2021». Астанада мерекеге орай акция өтті

18 Наурыз 2021, 19:01
1349
Бөлісу:
«Елорда наурызы - 2021». Астанада мерекеге орай акция өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы, «Руханият» коммуналдық мемлекеттік мекемесі алаңдар мен саябақтарда, қоғамдық орындарда «Елорда наурызы - 2021» акциясын өткізді. 

Мекеме ұйымдастырған акция сапаржай, теміржол вокзалы, сауда орталықтарында жалғасын тапты.

Акцияның негізгі мақсаты - Ұлыстың Ұлы күні – «Наурыз» мейрамын насихаттау. Сондай-ақ наурыздың маңыздылығын, ерекшелігін көпшілікке жеткізу, ұлттық құндылықтар мен салт-дәстүрлерді дәріптеу. Сонымен қатар халыққа мерекелік көңіл-күй сыйлай отырып, Наурыз дәстүрлерін санаға сіңіру, қоғамды мейірімділікке, достыққа, бейбітшілікке баулу.

«Елорда наурызы - 2021». Астанада мерекеге орай акция өтті

Іс-шара барысында насихатшы жастар тобы халықты Наурыз мейрамымен құттықтады. 

Волонтерлер қазақтың дәстүрлеріне, ұлттық құндылықтарына қатысты сұрақ-жауап ойындарын өткізіп, белсене қатысқандарға құттықтау сыйлықтарын табыстады. 

«Елорда наурызы - 2021». Астанада мерекеге орай акция өтті

Сондай-ақ жастар ел алдында өз өнерлерін паш етіп, оларды мемлекеттік тілде сөйлеуге, ұлттық құндылықтарды құрметтеуге, Наурыздың маңыздылығы мен ерекшеліктерін түсінуге, дәстүрлі мейрамды сезінуге шақырды. 

Акцияға қатысқан көпшілік алғыстарын айтып, ризашылықтарын білдірді.
Өзгелердің жаңалығы