Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктері ауа райының бұзылуына байланысты бірқатар облыста дауылды ескерту жасады.
13 ақпанда Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде тұман, күндіз жаяу бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз кей жерлерде күші 15-20 м/с жетеді.
Ертең Қостанай облысында кей жерлерінде жаяу бұрқасын болып, тұман түседі.
Шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күші күндіз кей жерлерде 18 м/с жетеді.
13 ақпанда Ақмола облысының басым бөлігінде қар жауады. Кей жерлерінде тұман, бұрқасын, көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, түнде кей жерлерде күші 15-20 м/с, күндіз 15-20, кей жерлерде 25 м/с жетеді.
Нұр-Сұлтан қаласында ертең жаяу бұрқасын соғады. Жолдарда көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с жетпек.
Ертең Түркістан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с жетпек.
13 ақпанда Қызылорда облысында түнде және таңертең кей жерлерде көктайғақ, бұрқасын болады. Жел оңтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа ауысады, желдің күші кей жерлерде 15-20 м/с жетпек.