Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордада мемлекеттік Туды көтеру рәсімі өтті.
Мемлекеттік Туды көтеру Елорда күнін атап өту қарсаңында жыл сайынғы дәстүр бойынша Нұр-Сұлтан қаласының орталығында жүзеге асты.
Шара мемлекеттік Әнұранның орындалуымен басталды.
Айта кетейік, биыл елорданың 22 жылдығын меркелеуге арналған шаралардың барлығы онлайн режимде өтеді.
5 шілдеден бастап елімізде карантин шектеулері күшейтіледі.