Елорда мектебінде инклюзивті білім беруді қолдау кабинеті ашылды

13 Наурыз 2022, 17:44
2824
Бөлісу:
Елорда мектебінде инклюзивті білім беруді қолдау кабинеті ашылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордалық №65 мектеп-гимназиясында «Жаңа мүмкіндіктер мектебі» жобасы аясында инклюзивті білім беруді қолдау кабинеті ашылды. Жаңа кабинет «Амалтеяның» автоматтандырылған психодиагностика және түзету қондырғыларымен жабдықталған, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты «Вечерняя Астана» басылымына сілтеме жасап.

Балалар жылы аясында және Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың саясатын қолдау мақсатында «Жаңа мүмкіндіктер мектебі» пилоттық жобасы іске асырылуда. Оны іске асыру «Амалтея» автоматтандырылған компьютерлік жүйелері негізінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған мектептерде қолжетімді түзету-дамыту ортасын құруға бағытталған. Жобаның авторлары – «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық қолдау орталығы және «Co-Make» қоғамдық қоры.

«Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар психологиялық-педагогикалық қолдауды қажет етеді. Инновациялық технологиялардың арқасында педагог-психологтарға түзету-дамыту бағыттарын анықтау және денсаулығына байланысты мүмкіндігі шектеулі балалардың әрбір санатының, сол сияқты дамудың әрбір жас кезеңінің, сол сияқты білім беру деңгейінің оңтайлы ерекше білім беру қажеттіліктерін таңдау мүмкіндігі беріледі. Айта кету керек, «Амалтея» ЖЗҚ инклюзивті білім беру форматында түзету-дамыту жабдығы қазіргі заманғы жетістік болып саналады», – деп атап өтті ашылу салтанатында «Астана дарыны» орталығының директоры Ғаждембек Тұрсынов.

Оның айтуынша, кабинет ашу үшін №65 мектеп-гимназиясына таңдау түсуінің де өзіндік себебі бар. Мұнда есту, тірек-қимыл аппараты бұзылған және церебралды сал ауруы бар 215 бала оқиды.
«Co-Make» Қоғамдық Қоры жүзеге асыратын жоба аясында №65 мектеп-гимназиясының педагог-психологтары арнайы оқудан өтіп, тиісті сертификаттар алады. Педагог-психологтар «Амалтея» инновациялық жабдығын пайдалана отырып, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға диагностикалық, түзету-дамыту жұмыстарын жүргізе алады.

Өзгелердің жаңалығы