Елорда қысқы кезеңдегі төтенше жағдайға дайын ба?

3 Қараша 2020, 12:19
1471
Бөлісу:
Елорда қысқы кезеңдегі төтенше жағдайға дайын ба?
Фото: Артём Чурсинов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД бастығының орынбасары Есен Байыров «Қысқы кезеңдегі төтенше жағдайлар. Профилактикалық шаралар» брифингінде айтты. 

Төтенше жағдай жөніндегі комиссия отырысында қаланың қар басатын 16 учаскесі анықталды. Оған ахуалдық карта жасақталып, департаменттен тартылатын күштер мен құралдар құрылды. Қазір департаментте жеке құрам 221 адам және 14 тәулікке жанар-жағармай материалдары дайындалды, - деді ол.  

Байыров атап өткендей, табиғи және техногенді төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында департамент бойынша 2514  адам және 530 техника құрамы бекітілген. 

Төтенше жағдай болған уақытта қыс мезгілінде қаланың аумағында зардап шеккендерге 10 жылыту пункті қарастырылған. 500 адамға 4 қонақ үй, хостел мен жатақхана әзірленді. Құтқарушылар қыс кезеңінде адамдардың қаза болуына қатысты және мұздағы қауіпсіздікке байланысты үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіліп жатыр, - деді ол.  

Маман атап өткендей, байланыс арқылы 32 275 оқушыны қамтитын 35 сабақ өткізілген. 

 

 

Қазір мұздан өту кезінде қауіпсіздікті сақтау шаралары туралы айтылу керек. Мұзға жеке құтқару құралынсыз шығуға болмайды. Балықшыларға қатысты: мұзда екіден астам ойық жасауға болмайды, - дейді ол.

 


 


 

Өзгелердің жаңалығы