Елорда көшелерін су басуы тоқтай ма? – Министрлік жауабы 

 yvision.kz 28 Шілде 2026, 15:05
28 Шілде 2026, 15:05
159
Фото: yvision.kz

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Астананың нөсер кәріз жүйесі жаңартыла ма деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Естеріңізге салайық, 21-23 шілде аралығында Астанада нөсер жаңбыр жауды. Жауыннан кейін тұрғындар қаланың бірқатар көшесі мен жекелеген аудандарын су басты. Осыған байланысты Үкіметтегі брифинг барысында журналистер ведомство өкілдерінен «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында елорданың нөсер кәріз жүйесі қалай жаңартылатынын сұрады.

Вице-министр Олжас Сапарбековтің айтуынша, қалада су басу жағдайлары сирек кездеседі және жауын-шашын мөлшері орташа көрсеткіштен едәуір асып кеткен кезде ғана болады.

Осы өңірдің тұрғындары ретінде біз де белгілі бір қолайсыздықты сезінеміз. Алайда мұндай жағдайлар жиі қайталанбайды. Белгілі бір кезеңде болуы ықтимал табиғи құбылыс үшін қомақты қаражат жұмсау үлкен шығынды талап етеді және ол бюджетке салмақ түсіреді. Бұл қаншалықты қажет? Осы мәселе бойынша да бағалау, талдау және сараптама жүргізіліп жатыр, – дейді ол.

Еске салайық, бұған дейін Астанада қатты жауын салдарынан машиналардың суға батқаны хабарланды.

Наверх