Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорда қаласының әкімі Алтай Көлгінов Сарыбұлақ өзені арнасының қайта құру жұмыстарымен танысып қайтты.
«Сарыбұлақтың 2,5 км лайланып кеткенін көріп, абдырап қалдым. Өзен арнасының бір уческесіне қатысты жобалық-сметалық құжат 2013 жылы қабылданған. Бірақ әлі күнге дейін жүзеге асырылмаған. Бұндай экологиялық апаттың көзін жою керек. Шара қолдану керек», - деп жазды ол Facebook-тегі парақшасында.
Оның айтуынша, батпақтанып кеткен учаскені тазалау керек дейді.
«Екінші кезекте, жобалық-сметалық құжатты дайындау керек. Қазір жұмыс тоқтап тұр. Есептеп, қосымша қаржы бөлеміз. Қысқа мерзімде, қала үшін маңызды жобаны жүзеге асыруымыз қажет», - деді ол.