Елорда халқына медициналық көмек көрсетуге қанша қаржы бөлінгені белгілі болды

20 Мамыр 2021, 12:16
3696
Бөлісу:
Елорда халқына медициналық көмек көрсетуге қанша қаржы бөлінгені белгілі болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалының директоры Нұрлыбек Қабдықапаров елордада МӘМС жүйесінің жүзеге асырылу барысы туралы өткен брифингте айтты.

Нұрлыбек Қабдықапаров Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалының жыл басынан бергі жұмысы мен алда медициналық бұйымдарға бөлінетін қаржы туралы айтып берді.

Елорда бойынша 2021 жылға арналған сатып алу жоспары аясында халыққа медициналық көмек көрсету үшін 17,2 млрд теңге, оның ішінде тегін кепілдендіру медициналық көмек аясында 9,2 млрд теңге, медициналық сақтандыру пакеті бойынша 8 млрд теңге қарастырылған. Қор 1 сәуірдің жағдайы бойынша Нұр-Сұлтан қаласында 108 қызмет көрсету ұйымдарымен келісімшарт жасады, - деді Қабдықапаров.

Ол атағандай, оның 71-і жеке меншік клиникалар болып есептеледі.

Бұл жеке меншік клиникалардың қызмет көрсетуі артып отырғанын көрсетеді. Ол науқастарға үздік клиника таңдауға мүмкіндік береді, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы