Елорданы газбен қамту процесі қалай жүріп жатыр

4 Қараша 2019, 17:24
3222
Бөлісу:
Елорданы газбен қамту процесі қалай жүріп жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Ермек Қизатов ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында елорданы газбен қамту процесі қалай жүріп жатқанын айтты.

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі ҚР Президентінің "Бес әлеуметтік бастамасы" атты халыққа үндеуін іске асыру барысында газ тарату желілерінің құрылысын бастады. Жобаны іске асыру үшін газдандыру жолдары екі бағытта көзделген. Бірінші бағыт – қалалық өндіріс және тұрғын алаптарын газдандыру желісін салу, екіншісі – ЖЭО-1, ЖЭО-2 газдандыру. Жалпы құрылыс үш кезеңге бөлінген. Құрылыстың бірінші кезеңінде 2020 жылы Көктал-1 және Көктал-2 тұрғын үйлерін, Железнодорожный, Промышленный, Юго-Восток аудандарын газдандыру және ТЭЦ-1, ТЭЦ-2 жеткізу құбырларын салу. Осы жұмыстарды ендігі жылы аяқтаймыз деген сенімдеміз, - деді қала әкімінің орынбасары.

Оның айтуынша, бірінші кезеңде 15 мың үйге газбен қамтылады: Көктал-1 мен Көктал-2 тұрғын үй кешендерінде  10700 үй, Юго-Восток және Промышленный аудандарында 3200 үй, Железнодорожный шағын айданында 457 үй. 

Қизатов құрылыстың екінші кезеңінде 2020-2022 жылдары Мичурино, Интернациональный, Күйгенжар тұрғын аудандары, Тельман тұрғын үй кешеніне, Пригородный, Garden Village, Family Village қалашықтарына газ тартылатынын айтты ды. Құрылыстың үшінші кезеңінде Ильинка, Шұбар, Өндіріс аудандарына газ тарату желісі салынады. Мұны 2023 жылы аяқтау жоспарланған. 

Газбен қамту құрылысының I кезеңі 9 іске қосу кешенінен тұрады (құрылыс басталды 2019-2020 жж.):

1-ші іске қосу кешені – АГРС-1-ден ЖЭО-1-ге газ беру (ыстық су қазандықтары мен мазут қазандары); 
2-ші іске қосу кешені – АГРС-2-ден ЖЭО-2-ге газ беру (ыстық су қазандықтары);
3-6-шы ұшыру кешендері – Көктал-1, Көктал-2 тұрғын аудандарына газ тарату желілері;
7-ші іске қосу кешені – Железнодорожный тұрғын үй кешеніне газ тарату желілері;
8-ден 9-ға дейін іске қосу кешені – Промышленный кентіне, Юго-Восток тұрғын үй кешеніне газ тарату желілері.

ІІ кезең 4 іске қосу кешенінен тұрады (іске асыру мерзімі 2020-2023 жж.):

1-ден 2-ге дейінгі кешендер – Мичурино, Интернациональный, Күйгенжар тұрғын аудандарына газ тарату желілері;
3-ші іске қосу кешені – Тельман тұрғын үй кешеніне газ тарату желілері;
4-ші іске қосу кешені – Пригородный, Garden Village, Family Village қалашықтарына газ тарату желілері.

Құрылыстың ІІІ кезеңі 4 іске қосу кешенінен тұрады (іске асыру мерзімі 2020-2023 жж.):

1-ден 2-ге дейінгі кешендер – Ильинка тұрғын үй кешеніне газ тарату желілері;
3-ші іске қосу кешені – Шұбар тұрғын үй кешеніне газ тарату желілері;
4-іске қосу кешені – Өндіріс тұрғын үй кешеніне газ тарату желілері.

Өзгелердің жаңалығы