Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ата заңның 25 жылдығына орай Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Мемлекеттік академиялық филармония солистері мерекелік бейнебаян түсірді, деп хабарлады әкімдіктің ресми сайты.
Өнер ұжымы «Конституция» бейнебаяны қазақстандықтарға Конституция күніне әдемі және есте қаларлық тарту боларына сенімді.
Жақында қазақстандықтар мемлекетіміздің ең маңызды мерекелерінің бірі – Конституция күнін атап өтеді. Филармония әртістері мерекеге сый дайындады. Ол біздің еліміздің патриоттарын қуантады деп сенемін. Қымбатты отандастарымды Конституция күнімен шын жүректен құттықтаймын және барлығымызға амандық пен Қазақстанның гүлденуін тілеймін, – деді Нұр-Сұлтан филармониясының бас директоры Ерлан Дәкенов.«Конституция» бейнебаянында елорда филармониясының солистері Ернұр Әзімбаевтың «Мәңгілік ел» патриоттық әнін қаланың әр жерінде – Тәуелсіздік алаңында, қалалық алаңда, «Нұр әлем» болашақ энергиясы мұражайы, «Мәңгілік ел» триумфалды аркасында және т.б. жерлерде орындады. Жобаға Естай Мұқашев, Дос, Диана Маева, Дихан Ильяшев, Мұратбек Хайролда, Нұрбол Балапанов, Айдын Жұмабаев, Шахризада және Бибігүл Тыныштық, Әкімхан Маженов, Ақбота Құснадин және Дәстүр Асылхан қатысты.