Елорда балабақшасында сәби қайтыс болды

7 Тамыз 2022, 02:43
2080
Бөлісу:
Елорда балабақшасында сәби қайтыс болды

Елордада анасы қызын бір ай бойы балабақшада қалдырып кеткен. Анасын күткен сәби балабақшада қайтыс болды. Балаға бір айдан астам келмей кеткен ана үлкен қызына қатысты ата-ана құқығынан шеттетілген.

Нұр-Сұлтан қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметінің мәліметінше, әйелдің екі баласы болған. Кіші қызын рұқсат құжаттарынсыз үйде жұмыс істейтін жеке меншік балабақшаға тәулік бойына тапсырған. Балабақшаға ақы төлемеген, қызына бір айдан астам уақыт келмеген. Үлкен қызы әжесінің бақылауында болған.

2022 жылғы сәуірде жеке үйдегі балабақшада болған оның кіші қызы қайтыс болды. Қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүріп жатыр. Баланың денесінде көптеген дене жарақаттары болған. Сот шешімімен «К» үлкен қызына қатысты ата-ана құқығынан шеттетілді. Баланың болашақ тағдырын анықтау үшін үлкен қызы «Нұр-Сұлтан қаласының білім басқармасы» ММ-нің қарауына берілді. Анасынан алимент өндіріп алынды, - деп аталып өткен сот хабарламасында.

Өзгелердің жаңалығы