Елорда балабақшаларында қанша бала тегін тамақтанады

22 Қаңтар 2024, 12:13
317
Бөлісу:
Елорда балабақшаларында қанша бала тегін тамақтанады
Фото: Артём Чурсинов - архив

Астана қаласы Білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазыев елорда балабақшаларында қанша бала тегін ыстық тамақпен қамтылғанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Оқу жылының басынан бері алғаш рет мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында тәрбиеленіп жатқан жекелеген санаттағы 10 250 балаға тегін тамақдандыру ұйымдастырылды. 4 балабақшада эмоциялық еркі жағынан және мінез-құлқында бұзылыстары бар балаларға арналған инклюзияны қолдау кабинеттері ашылды, - деп айтты Сенғазыев брифингте.

Оның сөзінше, 2024 жылы тағы 4 шағын орталықта инклюзияны қолдау кабинеттері ашылады.

Жергілікті бюджет есебінен 54 балабақшада толықтай шағын сәулет нысандары мен ойын алаңдары жаңартылды. Биыл да бұл жұмыс жалғасын табады. Соңғы 3 жылда 24 білім беру ұйымында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Биыл 13 балабақшада күрделі жөндеу жұмыстары жоспарланып отыр, - деп атап өтті Білім басқармасы басшысы.

Балабақшадағы тәрбиешілердің кәсіби деңгейін арттыру бойынша ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр. 2023 жылы 1 500 мектепке дейінгі білім беру ұйымының тәрбиешісі біліктілікті арттыру курстарынан өтті.

Өзгелердің жаңалығы