Елорда әуежайына хакерлік шабуыл жасалды

17 Сәуір 2022, 05:47
2338
Бөлісу:
Елорда әуежайына хакерлік шабуыл жасалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандықтар WhatsApp мессенджерінде Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының сайтына хакерлік шабуыл жасалып, Қазақстан арқылы транзитпен ұшқан ресейлік ұшақтарға «тоқта» сигналы жіберілгені туралы ақпарат таратып жатыр, деп хабарлайды Stopfake ақпарат ресурсы.

Әуежайдың баспасөз қызметі осы жағдайға қатысты түсініктеме берді.

Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы бүгін сағат 12:20-да nn-airport.kz сайтына бірнеше рет сұрау салу арқылы шабуыл жасалғанын хабарлады. Шабуылға тойтарыс берілді және сайттың жұмысы 13:20-да қалпына келтірілді. Сайт ешқандай хабарлама жібермейді, мұндай қызметі жоқ, – дейді елорда әуежайының баспасөз хатшысы Әнуар Шалекенов.

Өзгелердің жаңалығы