Елорда әкімі мектеп директорларымен кездесті

15 Тамыз 2019, 10:18
3683
Бөлісу:
Елорда әкімі мектеп директорларымен кездесті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қала басшысы халықтың өсуіне байланысты әлеуметтік нысандарға жүктеме артып келе жатқанын айтты. Егер 10 жыл бұрын 73 мектеп пен 75 мың оқушы болса, қазірде 108 мектеп пен 162 мың оқушы бар, деп хабарлады қала әкімдігінің сайты.

Қыркүйек айында бірінші сыныпқа 24 мың бала барады. Сонымен қатар 17 мың педагог еңбек етуде. Оқу орындарын бюджет есебінен ғана емес, жеке инвестицияларды тарту арқылы да салу керек. Инвесторлар елордада 11 жеке меншік мектеп салмақшы. Инвестиция көлемі 27,6 млрд теңгені құрайды. 5 жылдың ішінде 37 жаңа мектеп салу жоспарланған.

Биыл 3 жаңа мектеп салынады. Кездесу барысында оқу орындарының директорлары мектептерде орын тапшылығы бар екенін, кейбір мектептерде бейнебақылау камераларының жоқтығын, жолдардың нашар екендігін, материалдық-техникалық қамту дәрежесінің төмен деңгейде болуы сияқты мәселелерді айтып жеткізді. Қала әкімі Алтай Көлгінов орташа жөндеу жұмыстары 32 мектепте, ал күрделі жөндеу жұмыстары 8 мектепте жүргізіліп жатқанын атап өтті.

«Елімізде білім беру жүйесіне ерекше көңіл бөлінеді.Педагогтардың біліктілігі өте маңызды мәселелердің бірі. Балалардың мектеп бағдарламасын қаншалықты жақсы меңгеруі және мектептен қандай білім алып шығатындығы тек сіздерге байланысты. Білім беру процесінің сапасына көңіл бөлу керек. Уақыттың басым бөлігін балалар мектепте өткізеді, олардың жеке тұлға болып қалыптасуы да мектептен бастау алады. Оқушылардың көзқарасы, өмірлік құндылықтары және ұстанымы айналасындағы адамдарға байланысты. Балалардың рухани дамуына да көңіл бөлу керек.", - деді Көлгінов.

Қала әкімі аталған мәселелер жүйелі түрде жұмыстануды талап ететіндігін атап өтті.
Өзгелердің жаңалығы