Елорда әкімі кезекті рет азаматтарды қабылдады

28 Қаңтар 2022, 22:14
1817
Бөлісу:
Елорда әкімі кезекті рет азаматтарды қабылдады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорда Алтай Көлгінов кезекті рет азаматтарды қабылдады. Қала тұрғындары қандай сауалдармен жүгінгені туралы әкім Instagram парақшасында мәлім етті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Елді мекендерді аралап, тұрғындармен кездесумен қатар апта сайын азаматтарды қабылдап тұрамыз. Бүгін кезекті рет онлайн форматта 8 отбасын қабылдадым. Қабылдау барысында қойылған сұрақтардың басым бөлігі ерекше қажеттілігі бар адамдарға көмек көрсетуге қатысты болды. Жылдан жылға оңалту орталықтарының желісі кеңейтіліп, мектептерде инклюзия кабинеттерін ашылып жатыр. Сол сияқты жаңа тұрғын үй кешендерінің бірінші қабатында оңалту, шағын орталықтарын орналастырып жатырмыз, – деді елорда әкімі.

Елорда әкімі кезекті рет азаматтарды қабылдады

Азаматтарды қабылдауда көтерілген мәселелерді жоспарға енгізетінін де айтты.

Былтыр көру қабілеті бұзылған балаларға арналған мамандандырылған балабақша аштық (Кенесары көшесі, 9/1, Сарыарқа ауданы). Балабақшада педагогтармен қатар медицина қызметкерлері де балалармен жұмыс істейді. Ерекше қажеттілігі бар адамдарды әлеуметтендіру үшін инклюзивті «Qanattylar» театры ашылды. Сондай-ақ паралимпиадалық жаттығу орталығымен бірлесіп, ерекше қажеттілігі бар адамдарға арналған спорт кешенін саламыз, ал оңалту орталықтары желісін кеңейту бойынша жұмыс жалғасып жатыр. Азаматтарды қабылдауда көтерілген мәселелерді жоспарымызға енгіземіз, - деп жазды Алтай Көлгінов.

Өзгелердің жаңалығы