Елорда әкімдігі 2021 жылы 5 мың азаматты қабылдады

9 Желтоқсан 2021, 16:37
1036
Бөлісу:
Елорда әкімдігі 2021 жылы 5 мың азаматты қабылдады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Cұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов өзінің Instagram парақшасында қала тұрғындарының азаматтарды қабылдау кезінде қандай сұрақтар қоятынын айтып берді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Биыл әріптестерімізбен бірге 5 мың қала тұрғынын қабылдадық. Сұрақтардың бір бөлігін қабылдау барысында шешсек, қалғандарын назарымызға аламыз. Бүгін онлайн-қабылдауда тағы 14 отбасы қабылданды. Проблемаларды шешуге жүйелі негізде қараймыз. Келіп түскен мәселелерді, қала тұрғындарының ұсыныстарын ескере отырып, елорданы дамыту жоспарына енгіземіз. Мәселен, негізінен әлеуметтік тұрғын үй, мектептер, медициналық орталықтар салу, аудандарды абаттандыру, газдандыру, ұзақ құрылыстарды аяқтау және т.б. мәселелер түседі, – деді елорда әкімі.
Президенттің тапсырмасы бойынша әлеуметтік нысандар құрылысының көлемін жыл сайын арттыру бойынша жұмыс жүргізіп жатқанын да айтты.
Мәселен биыл 10 мың әлеуметтік пәтер, 40 мың оқушы орнына арналған 15 мектеп, 200 аула және қоғамдық кеңістіктер (саябақтар, гүлзарлар, желекжолдар) салынды, «үй маңындағы дәрігер» нысандарын, дене шынықтыру-сауықтыру кешендерін аштық, 9 елдімекенде газ тарату желілері салынып, іске қосылды, құрылысы ұзаққа созылған 57 үй аяқталмақ және т.б.Сондай-ақ Мемлекет басшысының «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында өзара байланысты нығайтуға әлеуметтік орталықтар көмектеседі. Олардың қатарында «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығы, тұрғын үй саласында қызмет көрсететін бірыңғай орталық, iQala орталығы, жастарға қызмет көрсету орталығы бар. Жалпы алғанда, тек биылдың өзінле аталған орталықтар қала тұрғындары тарапынан түскен 150 мыңға жуық өтінішті өңдеді, – деді Көлгінов.
Көлгіновтің сөзінше, елорданы «Нұр-Сұлтан – жайлы қала» мастер-жоспары аясында дамытып жатырмыз, оған сәйкес аудандарды орталықтандырып дамытып жатыр.
Бұл – әлеуметтік нысандар, аулалар/қоғамдық кеңістіктер және т.б. қадамдық қолжетімділікте орналасуы, – деп жазды елорда әкімі.
Өзгелердің жаңалығы