Елордаға 5 мың тоннадан астам көмір жеткізілді

3 Қаңтар 2019, 13:46
1846
Бөлісу:
Елордаға 5 мың тоннадан астам көмір жеткізілді

Астана, baq.kz. Қазіргі таңда елордадағы қатты отынның жалпы қоры 12585 тоннаны құрайды, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

29 желтоқсаннан 3 қаңтарға дейін елордаға 72 вагон немесе 5038 тонна көмір жеткізілді. Оның 34 вагоны немесе 2407 тоннасы – «Шұбаркөл», 21 вагоны немесе 1457 тоннасы – «Қаражыра», 14 вагоны немесе 967 тоннасы – «Майкөбе», 3 вагоны немесе 207 тоннасы – «Кузнецкий» маркалы көмір.

Қатты отын тоннасының бағасы төменде көрсетілген:

«Шұбаркөл» көмірі – 11400теңге

«Қаражыра» көмірі – 13200 теңге

«Майкөбе» көмірі – 12500 теңге

«Богатырь көмірі» – 9500 теңге

«Кузнецкий» көмірі – 12500 теңге.

Еске салайық Астана қаласының отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы баға өсімінің алдын алу мақсатында көмір сатушылармен бірқатар меморандумға қол қойған болатын.

2018 жылдың тамызынан бастап елордаға жеткізілген көмірдің жалпы көлемі 339,5 мың тоннаны құрайды.

КҚМ кезеңде халық тұтынатын көмірдің жалпы көлемі 400 мың тоннаны құрайды.

2018 жылдың 1 тамызынан 28 желтоқсанға дейін көмірдің 321,9 мың тоннасы сатылды. Бүгінгі таңда көмір нарығындағы жағдай қалыпты, проблемалық мәселелер жоқ.

Өзгелердің жаңалығы