Ресейдің Красноярск қаласында күрестен Иван Ярыгин кубогы дәстүрлі халықаралық турнирі өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ұлттық олимпиадалық комитет таратқан мәліметке сәйкес, бұл жарыста әйелдер құрамасы жоғары нәтижеге қол жеткізді. Отандастарымыз үш медаль жеңіп алды.
76 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Эльмира Сыздықова финалда моңғолиялық Даваанасан Енх-Амарды жеңіп, жеңімпаз атанды.
Ал 62 келіге дейінгі салмақта қазақстандықтар тағы екі медальға ие болды: Виктория Хусаинова екінші орынды, ал Тыныс Дубек қола жүлдені иеленді.