Елімізге Қытайда жасалған автобустар жеткізілді

8 Шілде 2023, 12:44
734
Бөлісу:
Елімізге Қытайда жасалған автобустар жеткізілді
Фото: kaz.people.cn

Қытайда жасалған жаңа энергетикалық автобустар Қазақстанға жеткізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы kaz.people.cn жазды.

Жергілікті уақыт бойынша 2023 жылғы 4 шілдеде Астанадағы Тәуелсіздік алаңында Қытайдың Yutong автобустарын жеткізу рәсімі өтті, - делінген хабарламада.

Мәліметтерге сәйкес, барлығы 224 көлік, оның ішінде 50 автобус, оның 20-сы жаңа энергетикалық автобус жеткізілді.

Өзгелердің жаңалығы