Елімізге оқуын ауыстырғысы келетін шетелдік студенттерге заңнамалық шектеу бар – министр

10 Қазан 2022, 19:58
1558
Бөлісу:
Елімізге оқуын ауыстырғысы келетін  шетелдік  студенттерге заңнамалық шектеу бар – министр
Фото: автордан

Шетелден келген студенттер еліміздің жоғары оқу орындарына ауысамын десе, оларға қандай талаптар қойылады? Бұл сұраққа   Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл халықаралық біздің келісімшарттарымыздың негізінде жүзеге асырылады. Біз “Болон” процесінің мүшесіміз. Және бірнеше халықаралық келісімдеріміз бар. Ол бойынша шетелдік азаматтардың біздің елге оқуын ауыстырғысы келсе, оған шектеу қоя алмаймыз. Жоғары оқу орындарымыз өздері қабылдау процестерін жүргізеді,– деп түсіндірді министр. 

Министрдің айтуынша, шетелден елімізге ауысқысы келетін студенттерге заңнамалық шектеу бар.

Ол қандай десеңіздер? Шетелдегі студент елімізге тек демалыс кезінде ауыса алады, – деді Саясат Нұрбек.

Саясат Нұрбектің айтуына қарағанда,  шетелдегі оқуынан оралған қазақстандық студенттер көбейген.

Шетелдегі өзіміздің студенттеріміз Қазақстагға оралуға шешім қабылдап жатыр. Биыл мамыр айынан жазғы демалыс айларында  2,5  мыңнан астам отандасымыз өзіміздің жоғары білім ордаларына қайтіп келген. Әсіресе, Ресейден. Сондықтан біз өз заңнамаларымызға өзгерістерді енгізіп жатырмыз. Егерде біздің студенттеріміз әртүрлі себептермен елімізге оралғысы келсе ол тек демалыста емес, жыл бойына келуіне мүмкіндік беріледі, – деді ведомства басшысы.

Өзгелердің жаңалығы