Елімізге Еуроодақтың өкілі Жозеп Боррель ресми сапармен келеді

<p>Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров апталық баспасөз мәслихаты барысында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.&nbsp;</p>

 14 Қараша 2022 2022, 17:27
14 Қараша 2022 2022, 17:27
1403

Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров апталық баспасөз мәслихаты барысында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Айтуынша, Еуропалық одақтың Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі Жоғарғы өкілі – Еуропалық комиссия Вице-президенті Жозеп Борреллдің Қазақстанға ресми сапармен келеді. 

Еуропалық одақтың Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі Жоғарғы өкілі – Еуропалық комиссияның вице-президенті Жозеп Боррель 16-17 қарашада Қазақстанға ресми сапармен келеді. Сапар аясында Жозеп Боррельдің Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердімен және мемлекет басшылығымен екіжақты кездесулері жоспарланып отыр, - деп атап өтті ведомствоның ресми өкілі. 

Сонымен қатар ол кездесу барысында қандай мәселелер талқыланатынына тоқталып өтті. 

Келіссөздер барысында өзекті өңірлік және халықаралық мәселелер бойынша пікір алмасып, тараптар Қазақстан – Еуропалық одақ екіжақты ынтымақтастықтың перспективаларын талқылайды, - деді Айбек Смадияров. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Сыртқы істер министрлігі «Украинада сайлау учаскесі ашыла ма?» деген сұраққа жауап берген болатын. 

Наверх