Елімізге анимациялық орталықтар керек – Шанаи

21 Маусым 2023, 18:37
1247
Бөлісу:
Елімізге анимациялық орталықтар керек – Шанаи
Фото: Артём Чурсинов

Бұл туралы Әйелдер істері жөніндегі ұлттық комиссияның отырысында Қазақстан халқы ассамблеясы Аналар кеңесінің төрайымы Назипа Шанаи айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бүгінгі жасөспірімге үлгі керек, образ керек, таң қалып қарайтын тұлға керек. Ол үшін сол образды жазба шығармалар арқылы, оларды анимацияға айналдыру арқылы, театр мен кино арқылы қалыптастыру қажет, - деді ол өз сөзінде.

Елімізге анимациялық орталықтар керек – Шанаи

Сонымен қатар, жазба шығарманы анимация ретінде түсіру арқылы бірнеше мақсатқа жетуге болатынын жеткізді.

Мысалы, туризм бағытын ақпараттық толықтыру, сол кейіпкерлер арқылы балаларды туристік гид, ғалым-тарихшы, жер қойнауын зерттеуші-геолог сияқты жаңа мамандықтарға қызықтыру. Бұл жерде елімізге анимациялық орталықтар керек, - деді Назипа Шанаи.

Спикер сондай-ақ Қазақстанның кітап шығару саясатының тұжырымдамасын әзірлеу керегін атады. 

Балалар әдебиетін қолдау мақсатында бюджет арқылы шығарылатын кітаптар санатында кемінде 25 пайыз балалар әдебиетіне бөлінсе, мемлекеттік премия берілетін кезде балаларға арнап жазылған шығармалар арнайы қаралса, ол үшін жарияланатын Мемлекеттік сыйлыққа қатысушылар үшін арнайы критерийлер алдын ала бекітілсе, - деп ұсынысын айтты ол.

Елімізге анимациялық орталықтар керек – Шанаи
Өзгелердің жаңалығы