Елімізге Амур жолбарысы әкелінеді

14 Қараша 2022, 13:02
1429
Бөлісу:
Елімізге Амур жолбарысы әкелінеді

2025 жылы елімізге Амур жолбарыстарының алғашқы партиясын әкелінеді. Үкімет сағатынан соң Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешов  осылай деп мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ресейдің Табиғат министрлігімен меморандумға қол қойылды. Қазіргі уақытта тиісті жол картасы әзірленіп жатыр. Оның шеңберінде ғылыми зерттеу жұмыстарымен қатар 2025 жылы біз Амур жолбарыстарының алғашқы партиясын әкелеміз, - деді Серікқали Брекешов.

Брекешевтің айтуына қарағанда,  жолбарыстарға арналған азық базасы қалыптасқан. Еліктер мен қабандар резерватқа жеткізілген.

Бұл бағытта жұмыс жүргізіліп жатыр. 2025 жылы үш жолбарыс әкелінеді, - деді ведомства басшысы. 

Өзгелердің жаңалығы