Елімізге 170 млн теңгенің алтын құймаларын алып өтпек болғандар қырғыз шекарасында ұсталды

21 Қыркүйек 2024, 05:19
1055
Бөлісу:
Елімізге 170 млн теңгенің алтын құймаларын алып өтпек болғандар қырғыз шекарасында ұсталды
Фото: скрин

Қырғызстан мен Қазақстан шекарасындағы "Кең-булуң" бақылау-өткізу бекетінде Қазақстанға көлік ішінде 3,3 келі алтын құймаларын алып өтпек болғандар ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Қырғызстанның мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті хабарлады.

Хабарламада ұсталғандардың саны мен аты-жөні аталмаған. Олар алтын құймаларын Лексус 470 маркалы автокөлік ішіне жасырған. Тексеру барысында бұл құймалардың құжаты болмаған.

Қазіргі уақытта жедел-іздестіру шаралары аясында республикалық бюджетке келтірілген шығын көлемін анықтау, сондай-ақ құрамында алтыны бар металдарды заңсыз алып өтуге қатысы бар өзге де тұлғаларды анықтау жұмыстары ұйымдастырылуда, – делінген хабарламада.

Дегенмен, комитет өкілдері шығын сомасын шамамен 30 миллион сомға бағалап отыр. Бұл – шамамен 170 млн теңге.

Өзгелердің жаңалығы