Еліміздің жас велошабандоздары Түркияда топ жарды

10 Шілде 2021, 21:44
1802
Бөлісу:
Еліміздің жас велошабандоздары Түркияда топ жарды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық велошабандоз Андрей Ремхе Түркияның Кайсери жерінде жасөспірімдер арасындағы додада топ жарды. Бұл туралы Ұлттық олимпиада комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

Екінші кезеңде 104 км қашықтықта топтық жарыста үшінші орынды иеленген Андрей Ремхе жалпы классификацияның бірінші қатарында болды.

Жалпы есепте екінші орын Қазақстан құрамасының тағы бір өкілі Максим Тараскинге тиесілі болды.

Өзгелердің жаңалығы