Еліміздің зардап шеккен өңірлеріне Жамбыл облысынан 360 тонна гуманитарлық көмек жіберілді

20 Сәуір 2024, 12:28
560
Бөлісу:
Еліміздің зардап шеккен өңірлеріне Жамбыл облысынан 360 тонна гуманитарлық көмек жіберілді
Фото: Орталық коммуникациялар қызметі

Су басқан аймақтарда су тасқынына қарсы іс-шаралар белсенді жүргізілуде, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жамбыл облысының волонтерлері де қол ұшын созуда. Облыстық волонтерлік фронт офистің базасында өңірлерде гуманитарлық көмек қабылдау әлі де жүргізіліп жатыр.

Облыс бойынша тұрақты түрде 200 жуық волонтер гуманитарлық көмек жинаумен айналысып жатыр. Кәсіпкерлер мен белсенді тұрғындардың ұйытқы болуымен киім-кешектер, ұзақ мерзімге сақталатын азық-түлік өнімдері, гигиеналық заттар, кең көлемде резеңке етіктер, үрлемелі қайық, және бірқатар қажетті тұрмыстық жабдықтар жинақталды. Зардап шеккен өңірлерге, соның ішінде Батыс Қазақстан, Атырау, Қостанай облыстарына 40 тонна, Ақтөбе, Ақмола, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстарына 60 тоннадан гуманитарлық көмек жөнелтілді, - деді Жамбыл облысындағы еріктілер фронт-офисінің басшысы Теміржан Ізтілеуов ОКҚ алаңында өткен брифингте.

Кеше Жамбыл облысының Қордай ауданынан СҚО-ға қосымша көмек жіберілді.

Өзгелердің жаңалығы