Еліміздің төрт қаласында ауа сапасы нашарлайды

16 Желтоқсан 2021, 11:45
1065
Бөлісу:
Еліміздің төрт қаласында ауа сапасы нашарлайды

Нұр-Сұлтан,BAQ.KZ. Бүгін Қазақстанның көптеген қалаларында метеорологиялық жағдай қолайлы болады.

«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі таратқан мәліметке сенсек, 16 желтоқсан күні еліміздегі қалалардың басым көпшілігінде метеорологиялық ахуал бірқалыпты болады. Тек Нұр-Сұлтан, Алматы, Балқаш және Шымкент қалаларында ауа сапасы біршама нашарлайды.

 Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Өзгелердің жаңалығы