Еліміздің төрт облысында түрме салынады

22 Желтоқсан 2021, 17:17
2269
Бөлісу:
Еліміздің төрт облысында түрме салынады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы Жанат Ешмағамбетов елімізде 4 түрме салу жоспарланып отырғанын айтты.

Қамауда ұстау жағдайларын жақсарту үшін Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесінің инфрақұрылымын жаңғыртудың жол картасы әзірленіп, бекітілді. Онда мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында барлық халықаралық стандартқа сәйкес келетін 20 жаңа мекеменің құрылысы қарастырылған, - деп айтты комитет басшысы.

Оның сөзінше, 2022-2024 жылдар аралығында Алматы, Ақтөбе, Маңғыстау және Түркістан облыстарында 4 ғимарат салу жоспарланып отыр.

Қолданыстағы ғимараттар мен құрылыстар өткен ғасырдың 30-70 жылдарында салынған. Олардың көпшілігі тозығы жеткен және апатты жағдайда, қылмыстық заңнаманың қатаңдатылуына байланысты 2020 жылдан бастап түрмедегілер санының өсуі байқалады, - дейді Жанат Ешмағамбетов.

Өзгелердің жаңалығы