Еліміздің төрт облысын қалың тұман басады

15 Ақпан 2021, 18:10
983
Бөлісу:
Еліміздің төрт облысын қалың тұман басады
Фото: Артём Чурсинов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қазгидромет»

16 ақпанда Қызылорда облысының кей жерінде тұман күтіледі.

Сонымен қатар Қызылорда қаласында 16 ақпанда тұман болады деп күтілуде. 

Бұдан бөлек 16 ақпанда Ақмола облысының кей жерінде тұман, жаяу бұрқасын, жолдарда көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерде 15-20 м/с күтіледі, - делінген хабарламада.

Сондай-ақ 16 ақпанда Қостанай облысының кей жерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі.

Ал 16 ақпанда Қарағанды облысының кей жерінде тұман, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Күндіз 16 ақпанда жел оңтүстік-батыстан соғады, кей жерінде, күші 15-20 м/с жетеді.

Өзгелердің жаңалығы