Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның басым аумағында ертең ауа райы құбылмалы болады, елдің батысында нөсер жаңбыр мен қалың қар жауады деп болжануда.
Республиканың кей жерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, жел күшейеді – Қазақстанның солтүстік батысы мен орталығында жаяу бұрқасын соғып, оңтүстігі мен оңтүстік-батысында найзағай ойнайды.
25 наурызда Ақтөбе облысында кей жерде көктайғақ болып, жаяу бұрқасын соғады деп болжануда. Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, кей жерлерде жылдамдығы – 15-20 м/с.
Батыс Қазақстан облысында тұман түсіп, көктайғақ болады деп болжануда. Солтүстік-шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Қостанай облысында кей жерде тұман түсіп, көктайғақ болады, жаяу бұрқасын соғады. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-шығысқа ауысады, кей жерде жылдамдығы – 15-20 м/с.
Атырау облысында кей жерде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) түседі, көктайғақ болады. Түнде шығыс, солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 15-20 м/с, екпіні 23 м/с, күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді.
Маңғыстау облысында кей жерде найзағай ойнап, тұман түседі. Солтүстік-батыстан жел соғады, кей жерде жылдамдығы – 15-20 м/с.
25 наурыз күні күндіз Түркістан облысының кей жерінде найзағай ойнайды. Оңтүстік, оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы кей жерлерде 15-20 м/с жетеді, күндіз екпіні – 25 м/с.
Қызылорда облысында кей жерде найзағай ойнап, тұман түседі. Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, кей жерде жылдамдығы – 15-20 м/с.
Ақмола облысында кей жерде тұман түсіп, көктайғақ болады.
Қарағанды облысында кей жерде тұман түседі. Күндіз кей жерде көктайғақ болып, жаяу бұрқасын соғады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз кей жерде жылдамдығы 15-20 м/с болады.