Еліміздің теміржол вокзалдары мен станциялары азып-тозып кеткен – депутат

2 Ақпан 2024, 10:50
670
Бөлісу:
Еліміздің теміржол вокзалдары мен станциялары азып-тозып кеткен – депутат
Фото: Артём Чурсинов - архив

Амангелді Нұғманов "Жайсаң" шекара бекетіндегі кезек пен вокзалдар жағдайының нашар екенін жария етті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Кезектің ұзындығы 5-10 шақырымға созылып кеткен және оны 7-8 сағат күтуге туралы келеді. Сенатор Амангелді Нұғманов өзінің депутаттық сауалында Қазақстан мен Ресей шекарасындағы «Жайсаң» өткізу пунктінде көліктердің шамадан тыс жиналып қалғанын жария етті. Ол сенатордың өңір тұрғындарымен кездесуі кезінде ақтөбеліктер осы мәселені көтергенін атап өтті.

Депутаттың айтуынша, жеңіл көліктер мен жүк автомобильдерінің көптігінен шекарадан өту кезінде азаматтарға ұзақ аялдауға тура келеді. Сенатор шекара өткеліндегі 4-5 тіркеу терезесінің тек 1-2-уі ғана жұмыс істейтініне наразы екенін жеткізді. Осыдан барып ұдайы кезек туындап қалады.

Депутат теміржол вокзалдарының жағдайына да баса назар аудару керектігін атап өтті. Амангелді Нұғманов еліміздегі теміржол вокзалдары мен станцияларының азып-тозып кетуіне байланысты адамдар қолайсыздыққа тап болып жатқанын жеткізді.

Теміржол вокзалдарының негізгі технологиялық мақсаты –теміржол станциясына келген, соның аумағында жүрген және кететін кезде жолаушыларға, сондай-ақ халыққа қауіпсіз әрі сапалы қызмет көрсетуді қамтамасыз ету болып табылады. Алайда, іс жүзінде теміржол вокзалдары мен жалпы еліміздегі станциялар теміржол вокзалдарының қызметін ұйымдастыру талабына сәйкес келмейді. Осылайша, қалыптасқан ахуал азаматтардың мемлекет кепілдік берген қызметтерді алмағанын паш етеді, бұл сайып келгенде, халықтың көңіл-күйіне теріс әсер етеді, - деді Амангелді Нұғманов.

Өзгелердің жаңалығы