Еліміздің солтүстік-шығысында жаяу бұрқасын болады

12 Желтоқсан 2022, 14:51
2269
Бөлісу:
Еліміздің солтүстік-шығысында жаяу бұрқасын болады

2022 жылғы 13-15 желтоқсанға арналған Қазақстан бойынша ауа райы болжамын Қазгидромет жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Алдағы үш тәулікте Қазақстан аумағы әлі де антициклонның ықпалында болады, онымен негізінен жауын-шашынсыз ауа-райы күтіледі, тек республиканың батысында, шығысында, солтүстік-шығысында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен, қар, жаяу бұрқасын күтіледі. 

Еліміздің оңтүстігі мен батысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с күшеюі болжанады.

Ауа температурасы еліміздің солтүстігінде түнде 23-31 аязға дейін, күндіз 15-28 аязға дейін, орталықта түнде 18-33-ке дейін, күндіз 13-23 аязға дейін, шығыста түнде 25-34 аязға дейін, күндіз 20-30 аязға дейін, ал еліміздің батысында түнде 0-8 аязға дейін, күндіз 5 аяз - 5 жылыға дейін төмендейді, Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында күрт өзгерістер күтілмейді, түнгі ауа температурасы 2-15 аязды құрайды, күндіз 7 аяз - 3 жылыға дейін аздаған жоғарылайды.

Өзгелердің жаңалығы