Еліміздің солтүстігінде тасқын судан қауіп күшейді

12 Сәуір 2023, 15:25
945
Бөлісу:
Еліміздің солтүстігінде тасқын судан қауіп күшейді
Фото: Хабар24

Есіл, Шал ақын және Қызылжар аудандарында Есіл өзені үш метрге дейін көтерілген, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мамандар алдын алу жұмыстарын күшейтіп, Заречный кентінде бөгеттерді нығайтып жатыр. Сергеев су қоймасы бесінші сәуірде ернеуінен асты. Ал өткен сенбіде бөгет үстінен ағып жатқан ағыстың деңгейі -196 сантимтерге жеткен. Бұл максималды көрсеткіш. 

8-14 сәуір күндері аралығында қоймадан шамамен 400-600 млн текше метр көлемінде су ағады деген болжам бар. Қазіргі таңда Есіл өзенінің деңгейі тәулігіне 275 сантимтерге дейін көтеріліп жатыр, - деді  "Қазгидромет" РМК СКОФ бөлім басшысы Дәурен Қосшығұлов.

Синоптиктер айтуынша сәуірдің екінші онкүндігінде өңірде ауа температурасы жылынады. Сынап бағанасы +21 градусқа дейін барады деп күтілуде. 

Бүгінде Шал ақын, Есіл, Қызылжар және Петропавл қаласы аумағындағы өзенде судың көтерілгенін байқап отырмыз. Сондықтан қазіргі таңда жергілікті атқарушы органдардың барлық күштері алдын алу жұмыстарына жұмылдырылды. Жағдай қатаң бақылауда, - деді  СҚО ТЖД басқармасының бастығы Владимир Хутинаев.

Сергеев су қоймасынан ағып жатқан су жақын күндері облыс орталығына жетіп, саяжай учаскелерін басып қалуы мүмкін. Сондықтан мамандар тасқынға тосқын шараларын күшейтті. 

Заречный кентінде ұзындығы 1,5 шақырым болатын бөгет нығайтылып жатыр. Мұнымен қоса жауаптылар екі мың қапшық инертті материал дайындап қоймақ.

Өзгелердің жаңалығы