Еліміздің СІМ басшысы Португалияға сапармен барды

14 Ақпан 2023, 14:42
862
Бөлісу:
Еліміздің СІМ басшысы Португалияға сапармен барды
PHOTO
Фото: СІМ баспасөз қызметі

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Португалия Республикасына сапармен келіп, оның барысында Сыртқы істер министрі Жоау Гомеш Кравиньюмен келіссөздер өткізді және осы елдің бірқатар жетекші компанияларының басшыларымен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Екі елдің сыртқы саяси ведомстволарының басшылары сындарлы және достық сұхбат барысында Қазақстан мен Португалия арасындағы саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын талқылады.

Еліміздің СІМ басшысы Португалияға сапармен барды

Министрлер халықаралық күн тәртібіндегі бірқатар өзекті мәселелер бойынша, оның ішінде Қазақстан мен Еуроодақ арасындағы стратегиялық әріптестікті дамыту контекстінде «сағаттарын теңестірді». Халықаралық және өңірлік ұйымдар шеңберіндегі бастамаларды өзара қолдаудан және негізгі геосаяси проблемалар бойынша ұстанымдардың ұқсастығынан көрінетін оң диалогтың сапасы аталып өтті.

Тараптар институционалдық тетіктерді жетілдіру, өзара сауданы әртараптандыру, транзит-көліктік маршруттарды дамыту, сондай-ақ цифрландыру, IT-индустрия, «жасыл» энергетика, туризм, білім беру және т.б. салаларда кооперацияны жандандыру қажеттігін атап өтті. 

Еліміздің СІМ басшысы Португалияға сапармен барды

Сұхбаттастар шарт-құқықтық базаны одан әрі кеңейтуге және саяси диалогты дамытуға ерекше назар аударды. Ынтымақтастықтың перспективалы салаларын жандандыру, мемлекеттік және бизнес құрылымдар арасындағы тікелей байланыстарды ынталандыру үшін екі елдің Үкіметаралық комиссиясы мен Іскерлік кеңесін тезірек құру қажеттілігі аталып өтті. ҚР азаматтары үшін визалық режимді жеңілдету мәселесі жеке талқыланды.

Министр Ж. Кравинью Қазақстан СІМ басшысының Лиссабонға сапары өзара іс-қимылдың барлық спектрі бойынша ынтымақтастықты одан әрі арттыруға қосымша серпін беретініне сенім білдірді. 

Португалия Қазақстанды Орталық Азияның стратегиялық перспективалы аймағындағы маңызды және сенімді серіктес ретінде қарастырады. Біз көпқырлы ынтымақтастықты нығайтуға және сауда-экономикалық өзара іс-қимылды кеңейтуге қолғабыс көрсетуге дайынбыз, - деп мәлімдеді португалдық министр. 

Еліміздің СІМ басшысы Португалияға сапармен барды

Өз кезегінде Министр М.Тілеуберді әріптесін Қазақстанға сапармен келіп қайтуға шақырды. Ж. Кравинью шақыруды қуана қабылдап, ағымдағы жылдың екінші жартысында өкілді бизнес-делегациямен бірге Астанаға келуге дайын екенін хабарлады.

Қазақстандық делегацияның Taguspark ғылыми-технологиялық паркінің басшылығымен кездесуі өте жемісті болды, оның алаңында 160-тан астам жетекші трансұлттық және еуропалық технологиялық компаниялар жұмыс істейді. 

Еліміздің СІМ басшысы Португалияға сапармен барды

Taguspark Басқарма төрағасы Эдуарду Баптишта Корреа және IT, бағдарламалық қамтамасыз ету, бизнесті сертификаттау және фармацевтика салаларында қызмет атқаратын Altice, ISQ, PHC Software, Jaba Recordati, TechnoEdif, Bandora және Shift Consulting сияқты компаниялардың басшылары Қазақстандағы қаржы технологиялары экожүйесінің серпінді дамуына шынайы қызығушылық танытты. Astana Hub және «Астана» Халықаралық қаржы орталығымен ынтымақтастық орнату туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Оған қоса, Taguspark-тегі бірқатар компаниялар өзара тиімді жобаларды іске асыру мақсатында байланыс орнату және перспективалы әріптестерді іздеу үшін ағымдағы жылы Қазақстанға келуге ниет білдірді.

Сол күні ҚР Сыртқы істер министрі Португалияның Diario de Noticias ірі ақпараттық агенттігіне Қазақстан мен Португалия арасындағы екіжақты ынтымақтастық және еліміздегі алдағы парламенттік сайлау туралы сұхбат берді.

Өзгелердің жаңалығы