Еліміздің шығысында аяз күшейеді

<p> </p> <h4 align="center">Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.&nbsp;«Қазгидромет» РМК мамандары Қазақстан бойынша 2021 жылғы 11-13 ақпанға арналған ауа райы болжамын ұсынды.&nbsp;</h4>

 10 Ақпан 2021 2021, 12:30
10 Ақпан 2021 2021, 12:30
2055

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қазгидромет» РМК мамандары Қазақстан бойынша 2021 жылғы 11-13 ақпанға арналған ауа райы болжамын ұсынды. 

Алдағы үш күн бойы Қазақстандағы синоптикалық жағдайды екі барикалық құрылымдар анықтайтын болады. Республиканың шығысына қарай жылжитын суық антициклонға байланысты мұнда температура -28-33 градусқа дейін төмендеп, аяз күшейеді. Ал батыс өңірлерге Балқан циклоны әсер етеді. Ол жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын әкеледі. Көктайғақ, тұман, сондай-ақ ауа температурасының көтерілуі күтіледі, - делінген хабарламада.

Наверх