Еліміздің шетелдегі елшіліктерінде ауыс-түйіс болды

Бүгiн, 11:32
192
Бөлісу:
Еліміздің шетелдегі елшіліктерінде ауыс-түйіс болды

Мемлекет басшысының Жарлығымен Олжас Сүлейменов Қазақстан Республикасының Швеция Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Сондай-ақ Мемлекет басшысының Жарлығымен Сергей Нұртаев Қазақстан Республикасының Швеция Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Дания Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымдарынан босатылды.

Ал Қайрат Әбдірахманов Қазақстан Республикасының Нидерланд Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі, Химиялық қаруға тыйым салу жөніндегі ұйым жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды.

Бұдан бөлек Асқар Жұмағалиев Қазақстан Республикасының Нидерланд Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі, Химиялық қаруға тыйым салу жөніндегі ұйым жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі қызметін қоса атқарушы лауазымдарынан босатылды.

Өзгелердің жаңалығы