Еліміздің қаржы секторын бағалау бағдарламасы жалғасып жатыр

26 Шілде 2023, 14:52
734
Бөлісу:
Еліміздің қаржы секторын бағалау бағдарламасы жалғасып жатыр
Фото: Қаржы нарығын реттеу және дамыту комитеті

Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту комитеті жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақстанда 2023 жылғы 18 шілде – 2 тамыз аралығындағы кезеңде Халықаралық Валюта қорының (ХВҚ) және Дүниежүзілік банктің Қазақстан Республикасының қаржы секторын бағалау бағдарламасының (Financial Sector Assessment Program, FSAP) екінші бетпе-бет миссиясы өтіп жатыр.

Екінші бетпе-бет миссия 3 бағытты қамтиды: АХҚО және Қазақстанның қаржы жүйесі, қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және қаржы нарығындағы бәсекелестік.

Екінші миссия аясында FSAP сарапшылары Агенттікпен, Ұлттық Банкпен, қаржы, ұлттық экономика, экология және табиғи ресурстар министрліктерімен, Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігімен, ҚР қаржыгерлері қауымдастығымен, қор биржасымен, қаржы ұйымдарымен, «Бәйтерек» ҰБХ АҚ-пен, «Даму» АҚ-пен, Қазақстанның Даму Банкімен, АХҚО-мен және өзге де ұйымдармен консультациялар өткізді, - делінген таратылған ақпаратта.

Қаржы секторын бағалау бағдарламасының нәтижелері бойынша ХВҚ және Дүниежүзілік банк Елдің қаржы секторының тұрақтылығы туралы есеп пен оны одан әрі дамыту жөнінде ұсынымдар береді

Өзгелердің жаңалығы