Еліміздің палуандары әлем чемпионатында екі медаль жеңіп алды

29 Шілде 2022, 02:29
1158
Бөлісу:
Еліміздің палуандары әлем чемпионатында екі медаль жеңіп алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Италияда өтіп жатқан грек-рим күресінен U17 Әлем чемпионатында қазақстандық палуандар тағы бір медаль жеңіп алды.

Бұл туралы Olympic.kz сайты хабарлады.

60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жерлесіміз Юсуф Ашрапов қола медаль үшін таласты. Оған қарсы ирандық палуан Абольфази Миршакар шықты. Тартысты белдесуде қазақстандық спортшы қарсыласынан айласын асырып, бір ұпаймен (11:10) жеңіске жетті.

Бұған дейін 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Арсен Жұма армениялық Тигран Галстянды тізе бүктіріп, қола медаль ұтып алған болатын.

Өзгелердің жаңалығы