Еліміздің оңтүстігінде «Астана Операның» жазғы гастролі өтеді

30 Мамыр 2022, 09:08
1223
Бөлісу:
Еліміздің оңтүстігінде «Астана Операның» жазғы гастролі өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Астана Опера» балет труппасы Түркістанға гастрольге аттанады, ол жерде әртістерді 4-5 маусымда күтеді, араға екі күн салып, яғни 7-8 маусымда труппа Шымкентте өнер көрсетеді. 

Ұлы өнерді түсінетін және қадірлейтін бұл қалалар түркі әлемінің бесігі, еліміздің рухани-тарихи орталығы саналады. Сондықтан «Астана Опера» балет труппасының көркемдік жетекшісі Алтынай Асылмұратова ерекше бағдарлама әзірледі. 

Еліміздің оңтүстігінде «Астана Операның» жазғы гастролі өтеді

Түркістан музыкалық драма театрының сахнасында ұжым XX ғасыр жауһары – Н.А.Римский-Корсаковтың музыкасына кемеңгер хореограф М.Фокиннің «Шехеразада» балетін ұсынады. Спектакльдің сценографиясын театр саласындағы жарқын суретшілердің бірі Л.Бакст жасады. Ол Санкт-Петерборда және Парижде ұзақ жұмыс істеген, өткен ғасырдың басында ориентализм мен экзотика жайлы жаңа еуропалық сән үлгілерін шығарушы болды. Бұл ертегіде қызықты пантомима, актерлік түрленулер көп, ол кордебалет пен солистерге ойын аламанына енуге жағдай жасайды, сондай-ақ қонақтарға да, әртістерге де шығыстың жұмбақ атмосферасына шомуға мүмкіндік береді. 

Еліміздің оңтүстігінде «Астана Операның» жазғы гастролі өтеді

Шымкент жұртшылығының назарына «Түркістан» концерттік залы сахнасында Ф.Шопеннің музыкасына М.Фокиннің романтикалық балет жауһары – «Шопениананы» ұсынады. Спектакль жан толқытарлық вальс пен мазуркаларға толы. Көрермен еліктіретін әсемдік орнаған сиқырлы қиял әлемін жасай отыра, әуеде жеңіл мұнар секілді төселетін қалықтаған биден рақат алатын болады. 

Бірактілі балеттермен қатар, труппа гала-бағдарламаға енген жарқын концерттік нөмірлерді де орындайды. Оның негізін классикалық әрі заманауи мұра құрайды, онда ұлттық тақырыптарға арналған нөмірлер бар. 

Еліміздің оңтүстігінде «Астана Операның» жазғы гастролі өтеді

Мазмұнды Гала-бағдарлама гастрольдің әр күні аздап өзгеріп отырады. Біздің репертуарымыз ауқымды, сондықтан біз труппаның түрлі, яғни классикадан бастап неоклассика мен модернге дейінгі бағыттарда жұмыс істейтінін көрсетуге тырыстық, – деп атап өтті Ресейдің Халық әртісі, «Астана Опера» балет труппасының көркемдік жетекшісі Алтынай Асылмұратова. 

Патрик де Бананың «Дала үні» балетінен үзінділер кештің көркі болмақ, сондай-ақ бағдарламаға «Тұран» фольклорлық-этнографиялық ансамблінің музыкасына осы тамаша балетмейстердің хореографиясына құрылған жаңа нөмір – «Қилы заман» енді, оны Сұлтанбек Ғұмар орындайды. Жұмбақ әрі қызықты ұлттық нөмірді Алматы мен Нұр-Сұлтанда жоғары бағалап үлгерді. Концерттің тағы бір премьерасы Д.Шостаковичтің музыкасына «Ескі фотосурет» әзіл-сықақ нөмірі болмақ, оны жас әртістер Нұрай Нұрсафина мен Александр Корнилов орындайды. Б.Асафьевтің «Бақшасарай бұрқағы» балетінен жарқын көпшілік үзінді ешкімді бейжай қалдырмайды, ол өзінің қуатымен, орындаушылардың техникалық әрі актерлік шеберлігімен әркез көрермендерді тәнті етіп келеді. 

Балет труппасы көркемдік жетекшісінің жаңа концерттік жобаларында өнер көрсетуге зор құлшыныспен тырысқан жас әртістерден бөлек, Түркістан мен Шымкент жұртшылығы тәжірибелі солистер, сахна шеберлері мен жұлдыздары – Бақтияр Адамжан, Мәдина Басбаева, Әйгерім Бекетаева, Әнел Рүстемова, Еркін Рахматуллаев, Олжас Тарланов, Серік Нақыспеков пен тағы басқаларының орындаушылық өнеріне баға бере алады. 

Өнер көрсетулер алдында әртістер қобалжулы, олар дайындық залында ұстаздармен бірге күн сайын гастрольдік бағдарламаның ерекше тұстарын ынтамен игеруде. Бұл дегеніміз, жетістіктің болатыны сөзсіз! 

Өзгелердің жаңалығы