Еліміздің өндірушілері енді Халал өнімдерін ТМД нарығына экспорттай алады

27 Тамыз 2022, 20:45
790
Бөлісу:
Еліміздің өндірушілері енді Халал өнімдерін ТМД нарығына экспорттай алады

Бүгінгі таңда тамақ индустриясының ең перспективалы және тез дамып жатқан салаларының бірі Халал өнімдерін өндіру болып табылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Халал саласы ТМД елдерінде де белсенді дамып келеді. Көптеген өндірушілер Халал сертификаттауынан өтіп, өз өнімдерін Мұсылман тұтынушыларға және басқаларға да ұсынады. ТМД елдерінде тұратын халықтың жалпы саны орта есеппен 290 млн. адамды құрайды, олардың ішінде кемінде 90 млн. адам Мұсылмандар.

«Тамақ, Халал өнімдері және қызметтердің азық-түлік қауіпсіздігі» 101 Техникалық комитеті ҚР СИМ ТРМК ҚазСтандартпен бірлесіп ТМД елдері қолданатын ГОСТ стандарттарын әзірлеуде.

Бұрын ТМД елдері арасындағы Халал өнімдерінің өндірісі мен айналымы біріздендірілмеген стандарттарды қиындатты. Яғни, Халал өнімдерін сату кезінде өндірушілер импорт елінде растау рәсімін қайта жүргізуге мәжбүр болды және бұл үшін қосымша уақыт пен ресурстар жұмсалады. Біз әзірлеген стандарттар қолданысқа енгізілгеннен бері, бұл рәсімдерден өтпеуге болады, - деп «Тамақ, Халал өнімдері және қызметтердің азық-түлік қауіпсіздігі» 101 Техникалық комитетінің төрағасы хабарлайды.

2021 жылы Қазақстан Халал саласындағы бірыңғай талаптарды әзірлеу және нормативтік құқықтық базаны біріздендіру жөнінде бастама көтерді. ТМД елдерінің арасында Қазақстан Халал индустриясын дамыту мәселелерінде көшбасшы болып табылады және SMIIC, IHAF сияқты халықаралық ұйымдардың толық құқықты мүшесі болып табылады.

Жұмысты екі бағыт бойынша жүргізеді:

1. ТМД елдері үшін ГОСТ Халал мемлекетаралық стандарттарының сериясы әзірленуде. Олардың қолдану аясы өте кең болады: Халал тамақ және тағамдық емес өнімдеріне, қызметтеріне қойылатын жалпы талаптар, аккредиттеу, сертификаттау органдарына, зертханаларға, менеджмент жүйесіне және тағамдық жеткізу тізбегіне қойылатын талаптар.

2. Халал сертификаттау органдары үшін ұлттық стандарттар әзірленуде. Бұл мемлекеттік органдар тарапынан Халал сертификаттау органдарының қызметіне бақылау орнатуға мүмкіндік береді.

Өзгелердің жаңалығы