Еліміздің нейрохирургия саласындағы жетістіктері қандай?

3 Желтоқсан 2022, 13:48
1324
Бөлісу:
Еліміздің нейрохирургия саласындағы жетістіктері қандай?
Фото: gov.kz

Бұл туралы «Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ басқарма төрағасы Серік Ақшолақов мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Сенатта өткен Үкімет сағаты аясында білікті дәрігер жоғары технологиялық медицина саласындағы жетістіктерге тоқталды.

Сонымен қатар ол бүгінгі күні күрделілігі жоғары санаттағы нейрохирургиялық операциялардың барлық түрлері орындалатын, жаңа бірегей ғылыми әзірлемелер енгізіліп жатқан ҰНО-дағы озық технологиялар туралы баяндады.

Мысалы, бүгінде клиникада мидың және бас сүйегінің іргесінің жетуі қиын ісіктерін нейрохирургиялық емдеудің заманауи аз инвазивті технологиялары қолданылады (37 мыңнан астам операция жасалды); жоғары дәрежелі глиомаларды жою кезінде флуоресцентті навигация (100-ден астам операция жасалды); ояу кезіндегі операциялар (Awake) (30-дан астам операция жасалды), сондай-ақ 600 пациент стереотактикалық радиохирургиялық ем (гамма-пышақ) және басқа да жоғары технологиялық медициналық көмек түрлері жүргізіледі.

Жалпы, Серік Ақшолақов Қазақстанда нейрохирургиялық көмек көрсетуде үлкен ілгерілеушілік бар екеніндігіне тоқталды.

Нейрохирургияда жоғары технологиялық медициналық қызметтердің қолжетімділігі пациенттерді қамтуды ұлғайтуға және көрсетілетін уақтылы көмектің сапасын жақсартуға, пациенттердің өмір сүру ұзақтығы мен сапасын арттыруға алып келді, - деп атап өтті клиника басшысы.

Өзгелердің жаңалығы