Еліміздің металлургия саласында жаңа инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланып отыр

2 Наурыз 2023, 15:19
772
Бөлісу:
Еліміздің металлургия саласында жаңа инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланып отыр
PHOTO
Фото: ИИДМ баспасөз қызметі

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев қытайлық China Nonferrous Metals Mining (Group) Co., Ltd. металлургиялық компаниясының бас директорының орынбасары Лю Юй мырзамен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәлімдеуінше, тараптар Қазақстанда мыс балқыту зауыты жобасын жүзеге асыру бойынша ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Еліміздің металлургия саласында жаңа инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланып отыр

Марат Қарабаев шетелдік компанияның елімізде ірі жобаларды іске асыруда жоғары нәтижеге жеткендігін атап өтті. Олардың қатарында Қазақстандық электролиз зауыты, Ақтоғай және Бозшакөл жобалары бар.

Еліміздің металлургия саласында жаңа инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланып отыр

Қазақстанды инвестиция құю және өндірістік қуаттарды кеңейту үшін таңдағаныңызға алғыс айтқым келеді. Біз өңдеу өнеркәсібінің заманауи және технологиялық өндірістерін іске асыру үшін инвестициялар тартуға мүдделіміз. Өз тарапымыздан жобаны іске асырудың барлық кезеңдерінде қолдау көрсетуге дайынбыз,- деді ҚР ИИДМ басшысы.

Еліміздің металлургия саласында жаңа инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланып отыр

Қазақстан тарапынан инвестициялық жобаны "Қазақмыс корпорациясы" және "KAZ Minerals" компаниялары жүзеге асырады. Зауыттың жобалық қуаты жылына 300 мың тонна катодты мысты құрамақ. Жоба инвестицияларды тартып қана қоймай, ұзақ мерзімді кезеңге бірнеше жүздеген жұмыс орындарын құруды көздейді.

Еліміздің металлургия саласында жаңа инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланып отыр

Өз кезегінде China Nonferrous Metals Mining (Group) Co., Ltd. компаниясының бас директорының орынбасары Лю Юй Қазақстан-Қытай ынтымақтастығының деңгейін жоғары бағалап, жаңа жоба тараптардың байланысын нығайта түсетіндігіне сенім білдірді.

Өзгелердің жаңалығы