Еліміздің көлік-транзиттік әлеуетін дамыту мәселесі талқыланды

12 Шілде 2022, 19:16
1618
Бөлісу:
Еліміздің көлік-транзиттік әлеуетін дамыту мәселесі талқыланды
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында еліміздің көлік-транзиттік әлеуетін дамытуға арналған дөңгелек үстел өтті. 

Бұл туралы ИИДМ баспасөз қызметі хабарлады.

Еліміздің көлік-транзиттік әлеуетін дамыту мәселесі талқыланды

Жиын барысында спикерлер автомобиль жолдарының инфрақұрылымын дамыту мен магистралды бағыттардағы жөндеу жұмыстары турасында және көлік-логистикалық саласының маңызы жайында баяндады. 

Дөңгелек үстелге ҚР ИИДМ комитеттерінің төрағалары Төлеген Абдуллин мен Қасым Тлепов, көлік саласындағы тәуелсіз сарапшы, «Kazlogistics» Қазақстан көлік Одағы төрағасының орынбасары Юрий Лавриенко, «ҚТЖ» ҰК» АҚ Төрағасының орынбасары Қанат Алмағамбетов және «Транскаспий халықаралық көлік дәлізі» Халықаралық Ассоциациясы» ЗТБ бас хатшысы Гайдар Әбдікерімов қатысты. 

Брифинг барысында белгілі болғандай, биылғы жылдың соңына дейін «Қарағанды – Балқаш» учаскесінің барлық бағыты ашылып, пайдалануға берілмек. Бүгінде жаңа көлік дәлізінің 277 шақырымында жол қозғалысы ашылған. Бұл туралы Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Төлеген Абдуллин мәлімдеді.

   

Еліміздің көлік-транзиттік әлеуетін дамыту мәселесі талқыланды

 Балқаш – Бурылбайтал» және «Бурылбайтал – Күрті» бағытындағы жол желісі 2023 жылдың аяғына дейін іске қосылады. Сонымен қатар қазіргі таңда «Күрті – Қапшағай» учаскесінде толыққанды құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде. Аталған жобаны жүзеге асыруға 277 инженерлік және өндірістік маман тартылып, еңбек етуде. Бұл жол желісі 2024 жылы ашылады деп болжануда, – деді ҚР ИИДМ өкілдері. 

Спикерлердің айтуынша, «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізінің «Қызылорда – Қарабұтақ – Ақтөбе – РФ шекарасына дейін» учаскесін реконструкциялау жұмыстары екі кезең бойынша жүзеге асырылмақ.

Еліміздің көлік-транзиттік әлеуетін дамыту мәселесі талқыланды

Ал «Талдықорған – Қалбатау – Өскемен» бағытындағы автомобиль жолы келесі жылы ашылады күтілуде. Аталған көлік дәлізінің жалпы ұзындығы 768 шақырымды құрайды. Оның 37 шақырымы бірінші техникалық категорияға жатса, 731 шақырымы екінші санатта. Бұл жол желісінің барлық бағыты 2022 жылдың соңына қарай ашылмақ. Ал толыққанды жөндеу жұмыстары келесі жылы аяқталады.

Еліміздің көлік-транзиттік әлеуетін дамыту мәселесі талқыланды

Ал ҚР ИИДМ Көлік комитетінің төрағасы Қасым Тлепов еліміздің көлік-логистикалық кешенінің маңызы жайында және осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстар турасында жан-жақты әңгімеледі. Транскаспий халықаралық көлік дәлізі – Қазақстанның транзиттік және экспорттық мүмкіндігін арттыруда маңызды рөл атқарады. Аталған көлік маршруты Әзербайжан, Грузия, Түркия арқылы Еуропаға жол ашады.

Еліміздің көлік-транзиттік әлеуетін дамыту мәселесі талқыланды

Біздің алдымызда аталған көлік дәлізінің өткізу мүмкіндігін арттыру мақсаты тұр. Сонымен қатар Ақтау порты арнайы экономикалық аймағында контейнерлік хаб құру көзделіп отыр. Бұл Транскаспий транспорттық маршруты арқылы жүк тасымалдау мүмкіндігін арттыруға септеседі. Жобаға әлемдік ірі логистикалық компаниялар тартылмақ. Сондай-ақ Каспий теңізіндегі паром флоты жетіспеушілігіне байланысты өзіміздің 10 паром флотын салу көзделуде, – деп атап өтті спикер. 

Еліміздің көлік-транзиттік әлеуетін дамыту мәселесі талқыланды

Айта кетерлігі, қазіргі күнде темір жол саласында да бірқатар инфрақұрылымдық жобалар белсенді түрде жүзеге асырылуда. «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы шеңберінде Достық – Мойынты, Дарбаза – Мақтаарал, Алматы бекетін айналып өтетін темір жол желісі жобалары қолға алынған.

Өзгелердің жаңалығы