Еліміздің кей өңірінде жел күшейіп, шаңды дауыл соғуы мүмкін

8 Маусым 2021, 06:39
2088
Бөлісу:
Еліміздің кей өңірінде жел күшейіп, шаңды дауыл соғуы мүмкін

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сейсенбі күні еліміздің басым бөлігінде найзағайлы жаңбыр немесе кей жерде бұршақ жаууы мүмкін, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

Синоптиктердің болжауынша, 8 маусымда еліміздің басым бөлігінде оңтүстіктен келген циклонға байланысты атмосфералық ағындардың әсерінен найзағайлы жаңбыр немесе кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін. Республиканың кей жерінде жел күшейіп, оңтүстікте шаңды дауыл соғады, солтүстікте тұман түсуі ықтимал. 

Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Алматы облыстарында, күндіз Ақмола облысының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейіп, бұршақ жаууы мүмкін, Батыс Қазақстан облысында дауыл жел соғады, Солтүстік Қазақстан облысында түнде және таңертең тұман түсуі ықтимал. 

Жамбыл, Түркістан облысының кей жерінде найзағай ойнап, дауыл, шаңды дауыл соғады, жел 15-20 м/с күшейіп, күндіз екпіні 25 м/с жетеді. Қызылорда облысының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейіп, екпіні 23-28 м/с жетеді, Түркістан облысында дауыл, шаңды дауыл соғуы мүмкін. 

Маңғыстау, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарында, күндіз Қызылорда, Қостанай, Павлодар облыстарының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Қызылорда облысында шаңды дауыл соғуы мүмкін. 

Күндіз Жамбыл облысының басым бөлігінде қатты ыстық болады. 

Қызылорда, Жамбыл, Түркістан, Ақтөбе, Қарағанды облыстарының басым бөлігінде, Алматы, Атырау, Қостанай, Ақмола облыстарының кей жерінде, Павлодар, Шығыс Қазақстан облысының жекелеген аудандарында өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Өзгелердің жаңалығы