Еліміздің кей өңірінде жел күшейіп, бұршақ жаууы ықтимал

27 Мамыр 2021, 07:19
1173
Бөлісу:
Еліміздің кей өңірінде жел күшейіп, бұршақ жаууы ықтимал

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан территориясының басым бөлігінде атмосфералық ауа ағындардың өтуіне байланысты құбылмалы ауа райы күтіледі. 

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, 27 мамырда кей жерде найзағаймен өткінші жаңбыр жауады. Республиканың кей жерінде дауыл, желдің күшеюі күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал, оңтүстікте шаңды дауыл болады. 

Солтүстік Қазақстан облысында желдің күшейюі 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі, кей жерде дауыл болады, бұршақ жаууы ықтимал. 

Павлодар, күндіз Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерінде желдің күшейюі 15-20, екпіні 25 м/с күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал. 

Қарағанды облысының кей жерінде күндіз дауыл болады. 

Ақмола, Қостанай облыстарының кей жерінде дауыл, желдің күшейюі 15-20, екпіні 25 м/с күтіледі. Түркістан облысының кей жерінде дауыл күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді. 

Маңғыстау, күндіз Қызылорда, Атырау, Батыс Қазақстан, Алматы, Ақтөбе облыстарының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Маңғыстау облысында түнде және таңертең тұман болады, күндіз Қызылорда облысының кей жерінде шаңды дауыл күтіледі. 

Күндіз Алматы, Қызылорда, Атырау, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарында қатты ыстық күтіледі. 

Қызылорда, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерінде, Алматы, Жамбыл, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар облыстарының жекелеген аудандарында өте жоғары өрт қаупі күтіледі.

Өзгелердің жаңалығы