Еліміздің кей аймақтарында жел күшейіп, көктайғақ болады

25 Қаңтар 2022, 08:01
1080
Бөлісу:
Еліміздің кей аймақтарында жел күшейіп, көктайғақ болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еліміздің батысында, солтүстігінде және оңтүстік-шығысында фронталды бөліктер әсерінен қар жауып, республиканың батысында жел күшейіп, көктайғақ болады. 

Қазгидрометтің мәліметінше, еліміздің қалған бөлігіне антициклон жотасы өз әсерін сақтайды – жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Республика бойынша кей жерлерде тұман түседі. Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында және таулы аудандарында тұман күтіледі, таулы аудандарында жел 15-20 м/с күшейеді. 

Түнде Атырау облысының солтүстігі мен орталығында жел 15-20 м/с күшейеді. 

Күндіз Маңғыстау облысының батысында көктайғақ күтіледі. Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, Қостанай облысының солтүстігі мен шығысында, Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, Қызылорда облысының оңтүстігі мен орталығында, Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында, Жамбыл облысының оңтүстік-шығысында, таулы аудандарында, түнде Алматы облысының солтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі.

Өзгелердің жаңалығы